Түркістан облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, бірреттік акцияның алғашқы күнінде талапқа сай келген 9 көлік барлық тексеруден өтіп, мемлекеттік нөмір берілді.
Тіркеуден өткен автомашиналардың жетеуі – Ресей Федерациясынан, екеуі Армениядан әкелінген. Көліктердің алтауының маркасы – Nexia.
Жалпы таңертеңнен кешке дейін Түркістан облысындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына 150-ден астам азамат өтініш берген.
Айта кетейік, Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру 5 жерде жүргізіліп жатыр - Түркістан қаласындағы және Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарындағы мамандандырылған ХҚО-ларда.
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті