ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрмұхамед үйінде болған өрт кезінде өзінің інілері - 2014 жылы туған Н.Б. Жұмабековты, 2016 жылы туған А.Б.Жұмабековты және 2018 жылы туған Н.Б. Болотбековты құтқарған.
Еске сала кетейік, осы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 13:44 шамасында Первомай ауданының Месарош көшесіндегі №85-үйде өрт шыққан болатын. Өрт салдарынан аумағы 90 шаршы метр уақытша баспана жанған. Өрттің шығу себебі нақтылануда.
Өрт орнында №6 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің бір өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеді.