Жас жеткіншекті бұндай қадамға атасының түсіне еніп аян беруі итермелеп отыр. Ал Хелен Шабангудың күйеуі болса, оған түсіністікпен қарап, қолдады, тіпті 3 мың доллар көлемінде қаржылай сыйлық та жасады.
«Біз марқұм атамыздың өсиетін орындауға міндеттіміз. Егер біздің ұлымыз атамыздың аруағының айтқанын орындамаса, оған бір жамандық келер еді», - дейді күйеу жігіттің ата-анасы.
«Мен Санелеге көмектескім келеді және айналамдағылардың не айтатынында шаруам жоқ», - дейді 62 жастағы «қалыңдық».
Жас жұбайлардың айтуынша, олар бірге тұрмайды. Уақыт өте келе кішкентай күйеу жігіт өзімен құрдас қызға үйленбек ойы бар екенін айтуда, деп жазады шетелдік БАҚ.