Тоғыз жасар мектеп оқушысы сабаққа сөмкесіне оқталған тапанша салып келген. Бала қаруды үйінен әкелсе керек.
Сыныптастары тапаншаны байқап қалып, мұғалімге айтқан. Ол дереу оқушының сөмкесін алып, бірден полицейлерге хабарласқан. Баланың ата-анасын мектепке шақырды, ал оқушыға қатысты тәртіпке шақыратын шаралар қолданылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.