«Голос. Дети 4» шоуының финалисі Koktebel Jazz Party көрермендерін таң-тамаша қалдырды. Халықаралық фестиваль 18-20 тамыз аралығында өткен.
Жас әнші Волошин сахнасында шараның ашылу салтанатына қатысты.
Алина «Think» композициясын белгілі джаз музыканты Валерий Пономаревтың сүйемелдеуімен орындады.
«Маған фестиваль өте ұнады. Белгілі әртістер көп болды. Бәрінен де теңіз ұнады. Қырымға қайтып келемін болашақта», - деді ол.
Әнші қыз 10 қыркүйекте Астанаға келеді. ЭКСПО сахнасында Роза Рыбаева мен А-студио топтарымен қосылып ән айтпақ.
Айта кету керек, былтыр Алина Сансызбай Ресейдегі «Голос» шоуында үшінші орынға табан тіреген болатын.
2 жыл бұрын Алина Мәскеудегі «Поколение NEXT» фестивалінде гран-при ұтып алған еді.