9 жастағы вундеркинд бала компания басшысы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үнді елінің 3-сынып оқушысы Рубен Пол қалта телефондарына арналған қосымша шығаратын «Прудент Гэймс» компаниясының бас директоры болды, деп хабарлады www.24.kz.

Небәрі 9 жасында компания басқарған ол киберқауіпсіздік мәселесіндегі конференцияларда сөз сөйлеп жүр. Ал оның әкесі - өз баласы басқаратын компанияның бизнес әріптесі. Оның айтуынша, зерек бала ақпараттық техникаларға 5 жасынан қызыға бастаған. Сол кезден-ақ ол Scratch программасында еркін жұмыс істеген. Кейін көп ұзамай мектеп есептерін шығара алатын өзінің алғашқы қосымшасын ойлап шығарыпты.