9 желтоқсан күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 9 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Pexels

12.00-де Назарбаев Университеті аумағында Markethon 6.0 маркетинг және креативті индустрия саласындағы жыл сайынғы ірі іс-шарасы өтеді.

14.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Өзбекәлі және мәдени майдан» тарихи-реконструкциялық кітабының тұсаукесері өтеді.

15.00-де және 19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады. 

19.00-де «Астана балет» театрында «Джулия» мюзиклі сахналанады.