9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті Кентау қаласында ұсталды
9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті Кентау қаласында ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Түркістан облысы ПД
Полицейлер 31 жастағы ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі таңда оны экстрадициялау мәселесі талқыланып жатыр.
«Күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған болатын. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады. Содан жедел уәкілдердің жүйелі жүргізген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.