90 жасқа толған кейуана мерейтойын парашютпен секіріп атап өткен

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Америка азаматшасы, Пенсакола қаласының тұрғыны Мэрион Стэнглер өз 90 жылдық мерейтойын әуеде қарсы алуды жөн санапты.

Бұған дейін ешкім Флоридада осы жасында парашютпен секіріп көрмеген, деп жазады forbes.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Осындай «тарихи сәтте» оның қасында демеу болып екі ұлы жүрді - екеуінің де жасы 60-тан асқан.

Мэрионның бұл қылығына таныстары мен достары түрлі пікір білдірген: бірі оны осындай ерлігі үшін мақтаса, келесілер есінен адасқан кемпір деген баға берген екен, деп хабарлайды BNews.kz.