Ол осы уақыт аралығында нәр сызбаған күндері де болған, деп хабарлады Shanghaiist.
Сяомин Цуйды қызы мен ұлы бөлмеге қамап тастап, тағдырын тәлкек еткен. Полицияның айтуынша, балалары оны бағып-қағудан шаршап, аштан өлтіруге ұйғарған көрінеді.
Аштан өлуден оны көршілері сақтап қалды. Әйелді тамақ бермей қамап тастағанын сезген олар терезеден оқтын-оқтында азық-түлік тастап отырған. Кейуананың мүшкіл халіне қатты алаңдаған қытайлықтар ғаламторға жағдайдың мән-жайы баяндалған бүркеншік хабарлама жіберген. Бұл жарияланым полицейлерді елең еткізді. Зейнеткердің есігін бұзып кірген олар еденде әбден арыған қарттың жатқанын көреді.
Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр, ал балаларына адам өміріне қастандық жасау бойынша айып тағылды.