90 жастағы президент жалғыз қызын ұзатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Африка құрлығындағы қарт саяси көшбасшы, 90 жастағы Зимбабве президенті Роберт Мугабе өзінің жалғыз қызын ұзатты.

Бону ұшқыш Симбу Чикореге тұрмысқа шықты.

Үйлену тойы кеше, 1 наурызда Хараредегі президенттік резиденцияда өтті. Тойға 5 мың қонақ шақырылды. Олардың ішінде бірнеше елдің басшылары да бар, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.