«Соңғы жылдары Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 11 миллиардтан 170,5 миллиард АҚШ долларына дейін өсті. Егер 90 жылдардың басында халықтың үштен бірі кедейлік шегінде болса, қазір бұл көрсеткіш 4,6%-ға дейін төмендеді. Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27% жетті, алғашында бізде жеке меншік болмаған еді. Біз 300 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарттық. Осы жылдар аралығында Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір нығайта алдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Тұңғыш Президент Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды екенін еске салды.