«Российская газета» атап өткендей, Нью-Джерси штатының тұрғыны Гарольд Смик алғаш рет 1941 жылдың 20 қаңтарында Америка президентінің инаугурациясына қатысқан. Ол кезде Франклин Рузвельт үшінші рет мемлекет басшысының антын қабылдаған. Смик 15 жаста болған. Ол демократтардың атынан түскен Хиллари Клинтонға дауыс бергенін жасырмаса да, Дональд Трамптың инаугурациясына қатыспақшы. Смик сайланған президентті АҚШ-қа «бейбітшілік, медициналық көмек пен жаңа жұмыс орындарын» алып келсін деп тілейтінін айтты.
17:58, 19 Қаңтар 2017
91 жастағы америкалық АҚШ президентінің ұлықтау рәсіміне 18-ші рет қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 91 жастағы америкалық жұма күні АҚШ президентінің ұлықтау рәсіміне 18-ші рет қатысады, деп хабарлайды The Associated Press. Еске сала кетейік, 20 қаңтар күні Ақ үйдің 45-ші басшысы Дональд Трамп ант қабылдайды.