91 жастағы қарт әйелге 260 мың адамның өліміне қатысы бар деген айып тағылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның Освенциміне жақын маңдағы неміс ұлтшылдарының Аушвиц-Биркенау концлагерінің бұрынғы қызметкеріне 260 мың адамның өліміне қатысы бар деген айып тағылды, деп жазады Би-би-си.

Тергеу мәліметтері бойынша, Шлезвиг-Гольштейн федеральдық жерінің тұрғыны, 91 жастағы қарт әйел 1944 жылы лагерь комендантының байланысшысы болған. Оның есімі Германия заңына сәйкес жарияланбайды.

1940-1945 жылдар аралығында неміс ұлтшылдарының Аушвиц-Биркенау концентрациялық лагерінде 1 миллионнан астам адам ажал құшқан, олардың көбі еврей болған.