91 жастағы жүргізуші супермаркеттің қабырғасын қирата ішке кіріп кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның оңтүстік батысындағы Саарбрюккен қаласында 91 жастағы ер адам автомобилімен супермаркеттің қабырғасын қирата ішке кіріп кеткен, деп хабарлайды Stuttgarter Zeitung.

Оқыс оқиға жайлы алдын ала белгілі болғаны - егде жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Әзірге келеңсіз жайттың себеп-салдары белгісіз.

Тек бес адамның зардап шеккені мәлім етілді.  Олардың үшеуі ауыр жағдайда, ал екеуі жеңіл жарақаттанған.