91 жастағы Зимбабве президенті тағы да қателесіп, басқа баяндаманы оқыған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зимбабве президенті Роберт Мугабе Zanu-PF жыл сайынғы конференциясында тағы да басқа сөздерді оқып қойды.

91 жастағы Мугабе 30 секундтай басқа мәтінді оқығаны хабарланды. Алайда оның мәтінін ауыстырып үлгерді.

Қыркүйекте Зимбабве президенті парламенттің ашылуында осыған дейінгі бір ай бұрын болған шарада оқыған сөздерін қайталаған болатын.

Жұма күні ол өзінің орнын басатын кандидатура айналасындағы саяси күресті доғаруға шақырды, деп хабарлады Би-би-си.

Мугабе 1980 жылдан елді басқарып келеді. Оның кезекті президенттік мерзімі 2018 жылы аяқталады, алайда партия алдағы сайлауда да оның кандидатурасын ұсынады деп күтілуде.