Нәтиже жарияланғаннан кейін, жеңімпаздар елде 60 жыл бойы билік еткен «Ұлттық фронт» коалициясының ізіне түспей, сондай-ақ бұрынғы премьер Наджиб Разактан кек алмауға уәде етті.
Кетіп бара жатқан премьер жалпы сайлаудың нәтижесін мойындады.
«Мен халықтың таңдауын қабылдаймын. «Ұлттық фронт» парламенттік демокрация қағидаларына шынайы берілген», - деді Наджиб Разак.
Үш жыл бұрын премьер құрған 1MDB мемлекеттік инвестициялық қорға байланысты жанжал туындаған. БАҚ-та 4,5 млрд доллардың мақсатсыз пайдаланылғаны туралы ақпарат жарияланғаннан кейін тергеу басталған еді.