93 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
17:45, 10 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Замбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Бірқатар шетелдік БАҚ-тың жазуына қарағанда, әуе кемесінің бортында 93 адам болған. Әзірше, оқиғаның шығу төркіні, ондағы адамдардың тағдыры жайында еш ақпарат жоқ.