59 кәсіпорын таза шикізат сатып алуға қызығушылық танытпады, себебі олардың өндірісі құрғақ сүт пайдалануға негізделген.
«Көбіне сүт өңдеуші кәсіпорындар дайын өнім қорабында құрғақ сүтті пайдалану туралы ақпаратты көрсетпейді және мұндай өнім табиғи сүттің бағасымен сатылады. Осыған байланысты, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне өндірілетін сүт өнімдеріне техникалық регламент талаптарын ұстану бойынша бақылауды күшейту ұсынылуда.
Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда»,- делінген хабарламада.