Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен мәлім етті.
Түсіп жатқан құжаттардың өңделуіне қарай агенттіктің www.kyzmet.gov.kz ресми сайтында «А» корпусының кадрлық резервіне үміткерлердің тізімі жарияланып отырады.
Үміткерлердің толық тізімі жақын уақытта белгілі болады.
Құжаттарды қабылдау 2013 жылдың 3 мамырына дейін жүреді. Іріктеу ережелері агенттік сайтында орналастырылған.