94 жасар қарттың әні YouTube хитына айналды. ВИДЕО

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ Иллинойс штатының Green Shoes студиясы гитарамен салған әнге байқау жариялады. Талап бойынша, қатысушылар әнді YouTube -қа салып, сілтемесін ұйымдастырушыларға жіберуі тиіс еді. Аталған байқаудың жеңімпазы өзінің марқұм әйеліне ән арнап жазған 94 жасар Фред Стобаух атанды, деп хабарлайды vesti.ru.

Иллинойстің 94 жасар тұрғынының айтуынша, ол Oh Sweet Lorraine әнін бір жыл бұрын қайтыс болған әйеліне арнаған. Орны толмас қайғы қарттың қабырғасы қайыстырған көрінеді. 1938 жылы кездескен олар 75 жыл бойы бақытты өмір сүрген.

Жүзге таяған қарттың композициясын бір аптада 155 мың адам тыңдап, аталған ән YouTube-тің хитына айналды.