Қазіргі уақытта Байқоңыр қаласында баласының үйінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Шариф Абдуллиннің отбасына Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жаханов арнайы барды, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Аудан басшысы «Ел мүддесі жолындағы еселі еңбегіңіздің зейнетін көріп, әрдайым арамызда ақылшы аға, ардақты азамат, абыройлы ақсақал болып аман-есен жүре беріңіз», - деген облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хатын табыстап, сый құрмет көрсетті.
Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан мерейтой иесі ғасырға жуық ғұмырында талай асудан мұқалмай өтіп, еңбек майданында қызмет еткен.
Ардагер ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды қолдайтынын айтып, өз пікірін білдіре отырып, ақ батасын берді.