Билл Гриффитс пен Фло Маршелсей 10 жылдан бері бірге, бірақ үйлену туралы шешімді енді қабылдады. 91 жастағы күйеу жігіт қалыңдығына үйде шай ішіп отырып үйлену туралы ұсыныс жасаған.
Билл мен Флоның үйлену тойына келетін туыс-туғандары баршылық: екеуінікін қосқанда - 5 бала, 14 немере мен 7 шөбере.
96 жастағы қалыңдықтың айтуынша, үйлену тойын жасау ешқашан да кеш емес. Бақытты жұп бір-бірін 30 жылдан астам уақыт таниды екен.