96 жастағы қарағандылық қария сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, соғыс ардагері, 96 жастағы Бүркіт Есжанов сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүркіт Есжанов Көгілдір тоғандар шағын ауданындағы №77 орта білім беру мектебінің сайлау учаскесінде дауыс берді. Ардагер учаске барлық қажетті құралдармен жабдықталғанын және оған дауыс беру жайлы болғанын атап өтті.

«Бүгін біздің республика үшін үлкен мереке - сайлау күні. Жұбайымен бірге келіп, дауыс бердік. Біз таңдаған адам жұмысқа қабілетті, халықтың, еңбекшілердің өтініштеріне мұқият болатынына сенімдімін», - деді Бүркіт Есжанов.

Қарағанды облысының барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне сәйкес жабдықталды: олар үшін дауыс беруге арналған жеке кабинкалар орнатылды және жәшіктерге ыңғайлы қол жеткізуі үшін жағдай жасалды.

Кейбір учаскелерде буфеттер жұмыс істейді.

Халықаралық және тәуелсіз ұйымдардың атынан сайлау барысын бақылауға ниет білдірген байқаушылар үшін сайлау учаскелерінде қолайлы жағдай жасалды.