А. Ахметованың жағдайы әлі ауыр - денсаулық сақтау вице-министрі

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Дәрігерлер тарапынан толыққанды медициналық көмек көрсетіліп жатқандығына қарамастан Айнұр Ахметованың жағдайы әлі де ауыр.

Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері науқасқа көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. «Біз оның өмірін сақтап қалу үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланамыз. Ал, әзірге қыздың денсаулығына жүргізілетін тексеру шаралары әлі біткен жоқ. Әлі бірқатар жүргізіліп бітпеген тестілер бар. Біз оларды толық аяқтауымыз қажет», - деді министрдің орынбасары.