А.Аршавин «Арсеналда» ойнайды
08:14, 03 Ақпан 2009
            ЛОНДОН.  Ақпанның  3-і.  ҚазАқпарат  -   Ресей   құрамасы  мен  питерлік «Зениттің» шабуылдаушысы  Андрей Аршавин    Лондонның «Арсеналына» ауысты, 
                 деп  хабарлайды  ҚазАқпарат  Би-би-си компаниясына сілтеме  жасап. 27 жастағы футболшының ағылшын клубына ауысуы  туралы  келісім кеше,  ақпанның 2-сі күні   жасалған. «Зениттің»  өкілі   Алексей Петровтың  айтуынша,  шарт 3,5 жылға жасалып  отыр.  Оның  қаржылық    мәселелері  қол қойылған  келісімшартты  премьер-лига     бекіткеннен кейін  жария етіледі. Бейресми мәліметтер бойынша, «Зенит» Аршавин   үшін  12 миллион  фунт стерлинг (13,3 миллион еуро)  алады. Аршавиннің «Арсеналда»   №23 болып  ойнайтыны  белгілі  болып  отыр.