А.Атамбаев Қырғыз Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің отставкасы туралы жарлыққа қол қойды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғызстан Республикасының Президенті «Қырғыз Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің отставкасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарлыққа сәйкес, Қырғыз Республикасы Конституциясының 65-бабы, 87-бабының 1,2,3 бөліктеріне және «Қырғыз Республикасының Үкіметі туралы» Қырғыз Республикасы конституциялық заңының 13-бабы 4-ші тармағының 1-ші бөлігі және 4-ші бөлігі, 23-бабы 1-ші тармағының 3-ші бөлігі және 4-ші бөлігіне сәйкес қаулы етеді:

Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Оторбаев Жоомарт Қайыпұлының отставкасы қабылдансын.

Қырғыз Республикасының Үкіметі отставкаға кетті деп саналсын.

Премьер-министр, бірінші премьер-министр, вице премьер-министрлері, Үкімет мүшелері, сондай-ақ Қырғыз Республикасы әкімшілік ведомстволарының басшылары лауазымдарын атқарып отырған тұлғалар Қырғыз Республикасы Үкіметінің мүшелері мен әкімшілік ведомство басшылары бұрын атқарып отырған міндеттерін орындауды тиісінше Қырғыз Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы қалыптастырылғанға дейін жалғастырсын.

Жарлық қол қойылған кезден бастап күшіне енеді.