А.Атамбаев Қырғызстан халқының атынан ОҚО-дағы авиаапатта қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі басшылығы мен әскери қызметшілерінің өмірін қиып кеткен әскери-көлік ұшағы апатына байланысты көңіл айту жолдады.

Бұл туралы Қырғызстан Президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қырғызстан халқының атынан қаза болғандардың отбасыларына терең қайғырған көңіл айтуын және жұбату сөздерін жеткізуді өтінді.