А.Атамбаев Қырғызстанның ЕАЭО-қа кіруі туралы заңға қол қойды
Рәсім Жогороку Кенеші спикері, Қырғыз Республикасы Премьер-Министрі, Үкімет мүшелері, қырғыздық-ресейлік даму қорының басшылары, Жоғарғы сот төрағасы, Қырғызстандағы бірқатар шетел мемлекеттерінің елшілерінің қатысуымен өтті.
Қол қойылған заң мынадай құжаттарды ратификациялайды: - Қырғызстанның 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа қосылуы туралы шарттын; - 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы және ЕАЭО құқығына енетін жекелегене халықаралық келісімшарттарды; - 2014 жылғы 29 мамырдағы Қырғызыстанның ЕАЭО туралы шартты қолдану шарттары мен өтпелі ережелері, ЕАЭО туралы шартқа кіретін жекелеген халықаралық шарттар, ЕАЭО органдарының актілері туралы хаттаманы; - Арменияның Қырғызстанның 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа қосылуы туралы шартқа хаттаманы. «Бүгін біз үшін ерекше күн. Себебі, әлемдегі ірі одақтардың біріне кіру бойынша мемлекетішілік рәсімдерді аяқтап отырмыз. Қосылу туралы стратегиялық шешім 2011 жылғы сәуірде қабылданған. Осы жылдары сауатты жұмыстар жүргізіліп, мыңдаған құжаттар келісіліп, қабылданды. Парламент пен үкіметке атқарған жұмыстары үшін алғысымды білдіремін», - деді А.Атамбаев.
Жоғарыда көрсетілген заң мен барлық құжаттарды кеше, 20 мамырда Жогороку Кенеші қабылдағанын атап өткен жөн.