А.Атамбаев В.Путинді Ресей президентінің қызметіне сайлануымен құттықтады. Өз кезегінде В.Путин Қырғызстан және Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толғанын атап өтті.
«Біздің бір-бірімізді құттықтауға себебіміз бар. Біз қатынастарымызды дамытып, бір-бірімізге көмектесіп дұрыс жасадық. Маған Қырғызстанның тек Ресеймен ғана емес, Кедендік одақпен, бірыңғай экономикалық кеңістікпен жақындасу бойынша айқындамаңыз таныс», - деді В.Путин.
«Біз үшін Ресей - стратегиялық серіктес. Алдымызда ынтымақтастықтың жаңа деңгейі болуы тиіс», - деп жауап берді А.Атамбаев.
Кездесу барысында Алмазбек Атамбаев пен Владимир Путин алдағы экономикалық интеграция үшін практикалық қадамдарды талқылады. Тараптар Қырғызстан экономикасының түрлі секторларындағы бұған дейін қол жеткізілген инвестициялық уағдаластықтарды тезірек іске асыру қажеттігін, сондай-ақ екі ел арасындағы интеграциялық үрдістердің маңызын атап өтті.