Күні бүгінге дейін «Тіл туралы» заңның 23-ші бабы іске аспай келе жатқанына тоқталған ол, бұл бапты осы бағдарламаға енгізу керектігін жеткізді.
«Егер барлық қазақ қазақша сөйлесе, мемлекетте қазақ тілі мәселесі бұндай өткір болмас еді. Сондықтан біз жасаған заң жобасы біріншіден барлық қазақ мемлекеттік тілді білуге және тілді меңгергеннен кейін лауазымды, сондай-ақ басқа жұмысқа баруды міндеттейді. Қазақтың өзі білмей, қазақ тілінің болашағы болмайды», - деп тоқталды А. Айталы.
Әлеуметтік зерттеулерге тоқталған ғалым, « Бүгінде Қазақстанның 63-65 пайызын құрайтын қазақтар мемлекеттік қызметте 85 пайыздан асып бара жатыр. Қазақ жастарының бірқатары мемлекеттік қызметте. Олардың қазақ тілін білмегендігі - бұл қазақ халқының намысына тиеді. Оған қазақ мақтанып отырған жоқ», деді. «Сондықтан мемлекеттік тілді дамыта отырып, мемлекеттік қызмет болсын, сондай-ақ басқа да қызметтерге ұлтына қарамай мемлекеттік тілді жақсы меңгерген адамдарды тарту керек»,- деді ол.
А. Айталы: "осы орайда ғана еліміздегі бірлік пен татулық арта түседі", деп қадап айтты.