А.Айымбетов міндетін абыроймен атқарды - «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ СҚОФ басшысы С.Салмұрзин
«Қырық үш жыл бұрын, 27 шілде күні мен 18 жасқа толғанда, қазақтың Айымбетовтер деген қарапайым отбасында Айдын есімді нәресте дүниеге келді. Сонда басқалары сияқты мен де миллиондаған ата-бабамыздың арманы орындалып, ғарышқа біздің халқымыздың өкілі, қазіргі әлемде Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектерінің арқасында танымал егеменді мемлекетіміздің азаматы ұшатынын шамалай алған да емеспін», - деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ СҚОФ жетекшісі Сағындық Салмұрзин.
С.Салмұрзиннің айтуынша, қазақ ғарышкерлерінің үшінші кезегінің мәні бар, себебі «Ер кезегі - үш рет!» демекші, қазақ дәстүрінде ел батырлары әскери іс-қимылдарды таңдауда үштік жүйені сақтаған. Ғарышты игеру таңдауы Айдын Ақанұлы Айымбетовке түсті. Ол ұшу мүмкіндігін күтіп, ғылыми тапсырманы абыроймен атқарып оралды, ғарыштан Қазақстан Республикасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының туларын әкелді.
«Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау бұл тарихи оқиғамен тұспа-тұс келгенінің мәні бар, бұл ата-бабаларымыздың батырлығы мен осы күнге дейін сақталған генетикалық сабақтастықты растайды. Орта жүз диалектілерінде Айдын есімінің мәні абырой, ерлік, батылдық деп айдарылатын «айбын» және «қаһар» сөздеріне жақын, сондықтан оның егеменді және тәуелсіз еліміздің жоғары наградасы - «Халық қаһарманы» атағына ие болғаны кездейсоқ емес», - деп қосып өтті «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ СҚОФ басшысы.