Ә.Бәйменов Мемқызметкерлер күнін белгілеу туралы Елбасы жарлығының жобасын әзірлеуде

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - «2002 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызметкерлер күні етіп белгілеген тұжырымдаманы қабылдады және БҰҰ-ға барлық мүше елдерге сәйкес шешімдер қабылдауға ұсыныс жасады.

«Сондықтан біз қазір 23 маусымды мемлекеттік қызметкерлер күні етіп бекітетін Мемлекет басшысы жарлығының жобасын дайындадық»,-деді Бәйменов Мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері жөніндегі семинарда.

Сондай-ақ Бәйменовтың айтуынша, «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі туралы Президент жарлығының жобасы әзірленіп жатыр.

«Біздің ойымызша, мемлекеттік қызметкерлердің ешқандай ескертусіз 15 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен адамдардың осы белгімен марапатталуға құқығы болуы керек», - дейді Ә. Бәйменов.

                                                                                                                                                          «Айқын» газеті