«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы әртүрлі пікірлер айтылып жүрді. Тіпті, кейбір сарапшылар ол бағдарламаны тоқтату жөнінде де ұсыныстар айтқан еді. Бірақ Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентіміз бұл бағдарламаның ары қарай жалғасу керектігін айтты», деді депутат.
Оның пайымынша, дүниежүзінде орын алып жатқан қаржы дағдарысының алдын алу үшін, оның Қазақстанға әсерінің алдын алу үшін елді жұмыспен қамту мәселесі өте маңызды орынға шығып отыр.
«Шынында да өздеріңіз қарап отырсаңыздар, көптеген мемлекеттердің ең басты проблемасы жұмыспен қамту болып отыр. Яғни, қазіргі дағдарысқа қарсы шаралардың ішінде жұмыс орындарын қысқартпау, жұмыспен қамту мәселесі бірінші орынға шығып тұр. Осы ретте «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы өзін-өзі толық ақтаған бағдарлама деп айтуға болады», - деді Ә.Бектаев.
Халық қалаулысы алға тартқан деректерге қарағанда, 2011 жылдан бері іске асырылып келе жатқан бағдарламаға бүгінгі таңға дейін 461 мыңнан астам азамат тартылды. 121 мыңнан астам азамат оқуға жіберіліп, кәсіби мамандық алды.
«Олардың жетпіс пайыздан астамы тұрақты жұмысқа орналасты. Бағдарламаның аясында көптеген елді мекендерде төрт мыңнан астам инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандар жөнделді және осы жөндеу жұмыстары аясында көптеген адам жұмыспен қамтылды», - деді ол.