Ә.Бірәлиевке айыптаулар тағылды

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің лауазымды тұлғалары мен «Меркурий Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғады, оларға лауазымдық өкілдіктерін асыра пайдалану және мемлекеттік

сатып алулар өткізуде 522,8 миллион теңге бюджет қаражатын қалтаға басу фактілері бойынша айыптар тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Әлжан Бірәлиевке бюджет қаражатын ұрлады және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылса, сол ведомствоның вице-министрі Зейнолла Сәрсембаевқа да бюджет қаражатын ұрлады деп айып тағылып отыр. Ә.Бірәлиев қамауға алынды, ал З.Сәрсембаев денсаулық жағдайына байланысты, үй қамақта отыр. Министрліктің департамент директоры Татьяна Савицкая мен «Меркурий Плюс» ЖШС басшысы Виктор Лайсқа жоғарыда аталған сомадағы бюджет қаражатын ұрлауға қатысты деген факті бойынша сырттай айып тағылып отыр.