А.Бисембаев ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Жарлығымен Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

***

«А.А. Бисембаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр

№ 12