Сонымен қатар «Алаш» институты «Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясын құрастыруды қолға алды.
Энциклопедия - өте күрделі ғылыми еңбек. Сол себепті де оны құрастыруға елдегі жекелеген алаштанушы ғалымдардан, ғылым мен білімнің сан саласының мамандарынан бастап Алматыдағы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институттары, Астанадағы мемлекет тарихы институты, Семейдегі Алаштану ғылыми орталығы сынды ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұжымдары атсалыспақшы.
«Алаш» институты тұлғалық энциклопедияның 3367 сөзден тұратын сөзтізбесін (словник) құрастыруды аяқтап баспаға ұсынып, таяу күндері жарыққа шығады.