АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 жартыжылдығында қылмыс деңгейі 5,5 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасының ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысын талқылауға арналған кеңейтілген жиынында ведомство басшысы Асхат Дауылбаев мәлім етті. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыс деңгейі 5,5 пайызға төмендегенін атап өткен ол: «Аса ауыр және ауыр қылмыстардың төмендеу үрдісі жалғасуда. Олардың саны төрттен бірге қысқарды. Атап айтқанда, кісі өлтіру 22,6, тонау 27,9 қарақшылық 49, бопсалау 22,7, бұзақылық 16,3 пайызға азайды.
«Мас және есірткіге еліту күйде жасалатын қылмыстар 2,5 пайызға кеміді. Бұған қоса, ауыр және аса ауыр қылмыстардың әшкереленуі сәйкесінше 11 және 4 пайызға өсті»,- деп қосты Бас прокурор.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.