А.Дауылбаев Ресей және Армения Бас прокуратуралары делегацияларының басшыларымен кездесті
Қонақтар Асхат Дауылбаевты кәсіби мерекесімен, сондай-ақ еліміз мемлекеттік-құқықтық институттар құрудың, қоғам өмірінің барлық саласында табысты қарсы алғалы отырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерейтойымен құттықтады.
Осы кездесулер құқықтық саладағы жолға қойылған ынтымақтастықты дамытудың және нығайтудың жалғасы болды. Трансұлттық қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызмет, өзара құқықтық көмек көрсету мәселесіндегі ынтымақтастық көршілес серіктестік және өзара түсіністік негізінде шоғырландырылып жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті тараптар. Әңгімелесушілер заңдылық пен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі заманғы бейбітшілікке төнетін қауіп-қатерге бірлесіп қарсы әрекет ету жолдарын күшейтуді және іздестіруді үйлестіру бойынша жалпы стратегиялық міндеттерге байланысты мәселелердің ең кең ауқымы бойынша мүдделі ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттерін қуаттады.