деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесу аясында еліміздің бас имамы Ә.Дербісәлі студенттер алдында Ислам дінінің тағылымына арналған дәріс оқып, еліміздің бүгінгі Тәуелсіздігіне негіз болған Шығыс ғұламаларының жетістіктеріне жан-жақты тоқталды. Іс-шара аясында универистет ректоры Бақытжан Әбдірайым Ғылыми кеңестің шешімін жария етіп, Қазақстанның мәдениеті мен руханиятына қосқан үлесі үшін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәліге «Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың құрметті профессоры» ғылыми дәрежесін табыс етті.