Авторлары Владимир Моисеенко, Александр Новотоцкий-Власов болып табылатын, Ғазиз Насыров пен Дидар Амантайдың қатысуымен жазылған сценарийге Ауғанстан соғысына қатысқан Қара майор жайлы аңыздың тарихы арқау болған.
Басты рөлдерде Сейдолла Молдаханов, Берік Айтжанов, Денис Никифоров, Карлығаш Мұхамеджанова, Иван Жидков, Андрей Шибаршин, Аша Матай, Арман Әсенов, Фархат Әбдірайымов, Гоша Куценко, Гүлнара Досматова, Наталья Арынбасарова, Сергей Векслер, Жанель Мақажанова, Григорий Антипенко ойнайды.
Американың кино академиясына сілтеме жасап, «Курсив» газетінің хабарлауынша, «Оскар» сыйлығына барлығы 63 елден таңдаулы картиналар ұсынылған.