А. Гарипов бильярдтан Қостанай облысының абсолютті чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Қостанайда бильярдтан облыстың абсолютті чемпионы атағы үшін үздік 8 тастаяқшының арасында сайыс өтті.

ҚР Бильярд спорты федерациясының сайтындағы хабарламаға қарағанда, онда 6 кездесуде жеңіске жетіп, тек біреуінде (1:2) жеңіліс тапқан Аслан Гарипов 17 ұпаймен бірінші орын алды. Асланнан бір ұпайы кем Никита Цисельский екінші, 2 ұпайы кем Алексей Ивайкин үшінші орынды еншіледі. Аслан 2012 жылы бильярдшылардың республикалық рейтингінде 12-ші, Алексей 38-ші, Никита 105-ші орын алған болатын.