деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Сөйтіп, вирус құрбандарының саны 17 адамға жетті.
Аргентина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, кеше тұмау жұқтырғандар саны 74 адамға көбейіп, барлығы 1294 оқиға тіркелді.
Қайтыс болған жеті адамның бәрі - Буэнос-Айрес қаласы мен оның шеткері жағының тұрғындары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 40 жылдан астам уақыттың ішінде алғаш рет A (H1N1) тұмауының тез таралуына байланысты маусымның 11-інде пандемия қатерінің ең жоғары, алтыншы деңгейі енгізілгенін ресми түрде жариялады.
Маусымның 22-сіндегі жағдай бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 100 ел мен аумақта A (H1N1) тұмауын 52160 адамның жұқтырғанын қуаттады, ауырған адамдардың 231-і қайтыс болды.