А (H1N1) тұмауы Меккеге қажылық жасауға кедергі болуы мүмкін

АСТАНА.  Шілденің 20-сы.  ҚазАқпарат  -  Исламның беделді  рухани  жетекшілерінің бірі   аятолла   Хуссейн  Фадлалла,   Мекке мен  Мединеге     қажылық жасау  кезінде   А (H1N1)  тұмау вирусын   жұқтырып аламын деп қауіптенген  мұсылмандар  биыл  үйлерінде  қала алады,

деп  мәлім етті.  ҚазАқпарат бұл туралы РБК агенттігіне  сілтеме  жасап хабарлайды.

Дегенмен ол,  қандай жағдай болмасын, қажылықты  толық орындамауға болмайтынын, себебі ол «Алланың алдындағы  парыз»  екенін  айтты.   Бұл мәлімдемені Хуссейн  Фадлалла өз денсаулықтарына алаңдап отырған  мұсылман қауымының     көптеген  сауалдарына  және  Ливанның  Денсаулық сақтау министрлігінің  ресми  сауалына жауап  ретінде  жасап отыр.

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының   соңғы  мәліметтері  бойынша,  әлемде   А (H1N1) тұмауын  жұқтырудың  95 мың  оқиғасы  тіркелген,  429   адам    көз жұмған.

Мұхаммад Хуссейн Фадлалла -  шиит  шейхы,   ол  «Хезболла»  қозғалысының  негізін қалаушылардың  бірі.     Ирактың Эн-Наджаф  қаласында ливандық отбасында  туған  ол,   отанына, Ливанға 1952     жылы оралады.   Азаматтық соғыс    жылдары  ол қайырымдылықпен  айналысып,  балалар үйлерін,   мүгедектерге арналған  мектептер, медициналық орталықтар,    зағиптар мен   саңырауларға арналған үш институт ашқан.   1985  жылы    өміріне  жасалған   қастандықтан кейін ол   «Хезболладағы»     қызметін   қалдырып,      оның тек  рухани  жетекшісі    болып    қалған.