А/H1N1 тұмауы жалпы есеппен 2 миллиард адамға жұғады

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - А/H1N1 тұмауы ғаламшар бойынша жалпы есеппен 2 миллиардтай адамға жұғады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Ұйымның мәліметіне сүйенсек, вирустың салдарынан 816 адам қайтыс болған.

Хабарламада  сондай-ақ,   жаңа тұмаудың   тез қарқынмен тарап жатқандығы,  бірақ   көбіне  жеңіл түрде өтіп,   көп адамдар    инфекцияны төсек тартып жатпай-ақ өткізіп жатқаны  айтылған.