А(H1N1) тұмауына жол бермеудің алдын-ала шаралары күшейтілуде - Денсаулық сақтау министрі
14:34, 08 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «А(H1N1) тұмауы вирусының сырттан келетін оқиғаларының алдын алу туралы» Қаулысына сәйкес, мамырдың 9-11-і аралығында мереке күндері індетке қарсы профилактикалық шаралар күшейтіліп отыр,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа денсаулық сақтау ведомствосының баспасөз қызметінен. Мемлекеттік шекарадағы барлық бекеттерде Мексикадан немесе АҚШ-тан тікелей әуе рейстермен немесе басқа мемлекеттердің аумақтары арқылы рейс ауыстырып келген жолаушылардың денсаулықтары бақыланып, олардың дене қызулары міндетті түрде өлшенуде. Мексика-АҚШ-Қазақстан арасында сапар жасайтын әуе көліктерінің экипаждарымен және бортсеріктерімен, мемлекеттік шекарада бақылау шараларын жүргізетін органдардың өкілдерімен нұсқаулықтар жүргізілуде.