A(H1N1) тұмауынан әлемде 1154 адам қайтыс болды

АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - H1N1 тұмауы құрбандарының саны әлемде 1154 жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тамыздың 4-інде жаңа індеттің таралуы туралы жаңартылған деректерді жариялады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аймақтық бюросы тамыздың 4-інде A(H1N1) тұмауының вирусын жұқтырудың 162 380 жағдайы тіркелген. Ұйымның деректері бойынша аурудың 1154 жағдайы қайғылы аяқталған.