А (H1N1) вирусы қайта оралуы мүмкін - ДДҰ

None
АСТАНА.  Желтоқсанның  30-ы.  ҚазАқпарат -   Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының   өкілдері,   науқастардың санының    едәуір   төмендегеніне  қарамастан, А (H1N1) тұмауының  ешқайда    жоғалмағанын  айтып ескертуде. 

   Ұйым басшысы Маргарет   Чан ханымның айтуынша,     қырағылықты  сақтау  қажет, себебі А (H1N1)  вирусы мутацияланып,    қазіргіден де  қауіптірек түрге айналуы  ықтимал,  деп   хабарлайды  ВВС  телекомпаниясы.

 Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының  мәліметтеріне сүйенсек,   «доңыз тұмауы» аталатын осынау вирустан  әлемнің   200 елінде 11 мыңнан  астам адам қайтыс болған.