деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
«Белгілі бір сәттерде А/H1N1 тұмауын жұқтырғандардың саны күрт өсетін болады. Тұмаудан адам өлімі де арта түсетіні түсінікті», - деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тынықмұхиттық бөлімшесінің басшысы Син Ионг-су (Shin Young-soo) Бейжіңде өткен денсаулық сақтау министрліктері өкілдерінің және денсаулық сақтау бойынша сарапшылардың конфренциясында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақтық бюроларының соңғы мәліметтері бойынша әлемде 2,1 мың адам А/H1N1 тұмауының құрбаны болған, ал ауырғандардың саны 230 мың адамнан асып түскен.