«Қыркүйектің 20-21-інде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту келешегін тақылқылау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған делегация Парижде бірқатар келіссөздер өткізеді», деді ол өз сөзінде.
Оның атап өтуінше, қазақстандық делегацияның сапары аясында Ә.Исекешевтің Францияның Сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы әрі экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-француздық үкіметаралық комиссияның тең төрайымы Анн-Мари Идракпен, Көлік істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Доминик Бюсеромен, сонымен қатар ірі француздық компаниялардың басшыларымен кездесулері жоспарланған.